Апат Түркия Әуе күштері қолбасшылығының базасына жақын жерде болған.
Фото: DHA
ERNUR.KZ. Түркияның оңтүстік-шығысындағы Малатья провинциясында 12 қарашада S-70 әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан борттағы төрт әскери қызметкер қаза тапты, деп жазады inform.kz.
— S-70 тікұшағы әзірге белгісіз себеппен Малатья провинциясында апатқа ұшырады. Борттағы төрт әскери қызметкеріміз қаза тапты, – деп хабарлады Түркия Қорғаныс министрлігі.
TRT Haber телеарнасының мәліметінше, апат Түркия Әуе күштері қолбасшылығының базасына жақын жерде болған. Тікұшақ құлағаннан кейін жарылыс тіркелген. Апат болған аумақта тұрғын үйлер жоқ.
S-70 (Sikorsky S-70, Black Hawk) – Түркия армиясының қару-жарағында тұрған көп мақсатты әскери тікұшақ.


