​«Өнерді қорлады»: Желі қолданушылары Мейрамбек Беспаевтің әзілін сынап тастады (видео)

0
2 339

«Сәкен Майғазиев Мейрамбекті көре алмайды»


​«Өнерді қорлады»: Желі қолданушылары Мейрамбек Беспаевтің әзілін сынап тастады (видео)

«Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев әріптесі, қазақтың мақтанышы Мейрамбек Беспаевтың видеосын желіге жүктеп, көпшіліктің сынына ұшырады. Желі қолданушылары Мейрамбектің әзілдеп ән айтқан видеосын «өнерге деген құрметсіздік» деп бағалады.


Сәкен Майғазиевтің айтуынша, бұл видео 2017-жылы түсірілген екен. Мейрамбек Беспаев эаюлы тұрған дастархан басында Уд аспабын тартып, жағымсыз бір дыбыс шығарған. Оны Сәкен Майғазиев видеоға түсіріп алған.


«Музарттың» тыңдармандары Мейрамбектің әніне, Сәкеннің ол видеоны көпшіліктің талқысына салғанына ашуланды.


«Мынау ұят болды, қайтеміз енді?», «Басқа ұлттың өнерін, аспабын сыйламай тұр», «Сәкен неге саласың?! Мейрамбекті жағымсыз жағынан көрсеткеннен не ұттың?!», «Мүлдем жараспайды», «Не істеп, кімді мазақтап тұр, ұят қылық екен», «Мейрамбек, бүйтіп абыройыңды төкпеші», «Ішіп алған ба, немене өзі», «Сәкен Мейрамбекті көре алмайды», «Анау аспапты, әнді, өнерді қор қылды» деп жазды көпшілік.