Марқұм Оразалы Досбосыновтың немересі дүниеге келді

0
230

Желі қолданушылары айтыскер ақынның ұлы, әке атанған Нұрсұлтанды құттықтап жатыр.


Марқұм Оразалы Досбосыновтың немересі дүниеге келді

Фото: https://www.instagram.com/orazalydosbosynov

ERNUR.KZ. 29 жасында дүниеден өткен марқұм айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың немересі дүниеге келді, деп жазады stan.kz.

Өнер иесінің атымен ашылған парақша жақсы жаңалықты сүйіншіледі.

"Ораз ағамыздың немересінің бауы берік болсын, үлкен азамат болсын!" – делінген жазбада.

Желі қолданушылары айтыскер ақынның ұлы, әке атанған Нұрсұлтанды құттықтап жатыр.

"Бауы берік болсын! Атасының жолын жалғайтын текті ақын болсын!", "Адам ұрпағымен мың жасайды. Бұл өмірден ерте кеткен Ораз ағамыздың рухы шат болсын", "Ата мен апа бұл сәтті көрмей кетті, әттең-ай... Бір кем дүние...", – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, Роза Әлқожа марқұм Оразалы Досбосыновтың қызын ұзатқан еді.

“Жүрегім парша-парша болып кетті. Ешқандай ұзатуда дәл бұлай егіліп, төгіліп жыламаппын. Егер анаң мен әкең бар болғанда сен дүркіреген той мен дүбірлі думанның кейіпкері болар едің. “Ешкімді әурелемей, ақырын ғана азаматымның қолынан ұстап кетем” деген екенсің. Оған жұртың көнбей, аз уақытта осылай ұзатуға бел буған. Айшатай, Нұр-Айша, жаным, сен тектінің тұяғысың. Асылдың сынығысың. Біздің досымыздың өзісің, ізісің! Барған жеріңде бақытты бол!

Сен соған лайықсың! Ботам, бағың ашылсын! Арманыңа жет! Нұрсұлтан мен Нұрайша – Оразалы мен Ажардың Алашқа аманаттап кеткен перзенттері. Сіздер де тілеулес болыңыздар! Жастар бақытты болсын!”, – деп жазды әнші.