"Бір-бір машина мінгізді": Ерке Есмахан күйеуінің жақындарына жасаған жақсылығын айтты

0
144

Өнер иесі оқырмандарының бірнеше сұрағына жауап берді.


Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

ERNUR.KZ. Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Раймның жақындарына жасайтын жақсылығын айтты, деп жазады stan.kz.

Өнер иесі оқырмандарының бірнеше сұрағына жауап берді. Әншінің тыңдарманы жолдасының өте бай әулеттен шыққанының рас-өтірігін сұрады.

“Күйеуімнің дәулетті екені рас. Бірақ көрсетпейді. Айтқызбайды. Мен мақтанып, айтқым келеді. Бірақ оған рұқсат етпейді. Жақындарына беріп жатқан сыйлығы көп. Бір-бір машина мінгізді. “Жұрт Райм тек әйеліне ғана береді демесін, туысқандарға бергендеріңді де көрсетейік” деймін. Ол көнбейді. Сондықтан, міне беріп жатырмын деген пост күтпей-ақ қойыңыздар! Бәрін Алла разылығы үшін істейді”, – деп жазды Ерке.

Одан кейін оқырмандарының бірі "сізді психологтар күйеуін алдауды біледі деп жатыр ғой" деп жазған. Әнші бұл пікірге қатысты өз ойын бөлісті.

“Ешкімді алдамаймын. Психологтарға да айтарым, әйелдерге одан да мынаны үйретіңіздер. Еркектің өзін емес, сол еркекке деген махаббатты жақсы көрген дұрыс. Еркекті жақсы көрем деп таусыласыз, ал оған деген махаббатты жақсы көрсеңіз, өз ішіңіз сезімге толады, айналаңыз гүлденеді, жүзіңіз нұрланады, арадағы махаббат ұлғаяды. Адамға емес, сезімге ғашық болыңыз, сол кезде еркек сізге ғашық болады”, – деп кеңес берді өнер иесі.