"Балаларымды блоктамадым": Тұрсынбек Қабатов мәлімдеме жасады

0
111

Әзілкеш бұрынғы әйелінің сұхбатына қатысты пікір білдірді


Photo : Пресс-служба управления культуры и спорта города Астаны

ERNUR.KZ. Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанованың "балаларын блоктап тастаған" деген сөзіне жауап берді, деп жазады sputnik.kz.
"Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан блокқа қойған емеспін. Балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін!", - деп жазды Қабатов.
Еске сала кетейік, таяуда продюсер Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын айтқан болатын.
"Арамызда ештеңе қалған жоқ. Қазір балалар көп жылайды, сағынады. Фотоға түсіп, әкеме жібер деп жатады. Әкесіне фото қызық емес. Фото жібере алмаймыз, себебі бәріміз блоктамыз", - деді ол.