Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласының үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

0
185

Қатысушылар лотереяға 500-50 000 теңге аралығындағы билеттерді сатып алған.


Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласының үстінен қылмыстық іс қозғалды (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Танымал әнші Абай Бегейдің екінші қызы Гүлеркем Ниязқұлова күйеуімен бірге заңсыз жолмен 162 млн теңге табамын деп ұсталып қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, олар автокөлік, пәтер, басқа да бағалы сыйлықтарды жүлде ретінде ойнатқан.



Ақтау қаласында тұратын ерлі-зайыпты Instagram, TikTok және Telegram әлеуметтік желілері арқылы 850 мыңнан астам оқырман жинап, онлайн лотереялар ұйымдастырған. Олар лотерея операторы ретінде тіркелмеген, бірақ соған қарамастан автокөлік, пәтер, басқа да бағалы сыйлықтарды жүлде ретінде ойнатқан.

Қатысушылар лотереяға 500-50 000 теңге аралығындағы билеттерді (цифрлық нөмірлер) сатып алу арқылы қатысқан.

Тергеу деректеріне сүйенсек, заңсыз ұйымдастырылған бұл лотереяларға 1 800-ден астам азамат қатысқан.


Алдын ала есеп бойынша, заңсыз кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде алынған таза қылмыстық табыс көлемі 162 млн теңгеден асқан.

Мүлік пен банк шоттарына тыйым салынды

Қазіргі таңда күдіктілердің жылжымайтын мүлкі мен банктік шоттарына шектеу қойылды. Бұл қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Айта кетейік, Azattyq Rýhy редакциясы Гүлеркем Ниязқұлованың лоторея өткізуіне қатысты арнайы материал әзірлеп, құзырлы органдарға ресми хабарлама таратқан.

Осы материалдан кейін Абай Бегейдің қызы заңсыз лотерея ойнататын парақшасын жанталаса бұғаттап, жазбаларын өшіргені хабарланған болатын.