​МАСА шаққанда денеңізге ҚАРА БҰРЫШ майын жағыңыз

0
3 674

1-2 тамшысын киіміңізге тамызсаңыз да маса жоламайды


​МАСА шаққанда денеңізге ҚАРА БҰРЫШ майын жағыңыз

фото: ahojmama.pravda.sk

Маса – денеміздің жауы. Онымен күресу үшін өзімізді шапалақтайтынымыз анық. Қай кезде келіп қаныңды сорып кеткенін аңғармай қаласың. Бірден дене қышымсып, мазаңызды алады. Құлағыңызға келіп ызыңдағанда тіпті жүйке жұқарады. Теріңіздің жағдайына қарай маса шаққан жер қызарып, бөртіп шығады. Ал осындай «азаптан» құтылу үшін мына әдістерді қолданыңыз. Сосын маса шағу тұрмақ, жаныңызға да жолай алмайды.


Арша

Қаңылтыр ыдысқа қағаз немесе шөп жағыңыз. Оған 2 тал арша (можжевельник) немесе 2 тамшы арша майын қосасыз. Оның иісінен үйдегі маса мен шіркей қаша жөнеледі.

фото: stop-klopu.com

Ванилин

Кәдімгі тәттіге, пісірмеге қосатын ванилин шіркей мен масаға қарсы керемет «дәрі». Кішкентай ғана жауыңыздан қорғану үшін ванилин ұнтағын теріңізге жағасыз. Немесе 1 гр. ванилинді 10 гр. балаларға арналған кремге араластырып, теріңізге жағасыз.


Эфир майы

Масаны өзіңізден алыстатқыңыз келсе, эфир майын қолданыңыз. Қалауыңызға қарай қалампыр (гвоздика), әніс (анис), апельсин, балқарағай (кедр), лаванда, шай ағашы (чайное дерево), қазтамақ (герань), жалбыз (мята), жебіршөп (тимьян) майын таңдаңыз. Таңдаған эфир майдың 7-8 тамшысын 1 ас қасық өсімдік майымен араластырып, денеңізге жағасыз.

Егер денеңізге жаққыңыз келмесе, 1-2 тамшы майды киіміңізге тамызасыз немесе отқа тамызасыз. Сонда маса да, шіркей де жоламайды.


Лимон және эвкалипт

10 мл эвкалипт майына 1 дана лимонның шырынын араластырасыз. Оны ашық тұрған денеңізге жақсаңыз, масадан құтыласыз.


Сарымсақ

Бұл көкөніс өте пайдалы, бірақ жағымсыз. Масадан құтылу үшін 5-6 тіс сарымсақты қабығынан тазартып, жақсылап езесіз. Оны отқа күймейтін ыдысқа салыңыз. Үстіне 1 стақан су құйып, отқа қоясыз. Баяу отта 5-6 минут қайнатыңыз. Сарымсақ суын бүріккіш бөтелкеге құйып, бөлмеге шашасыз.


Қазтамақ пен лаванда

1 литрлік бөтелкеге толытырп су құйыңыз. Оған 30 тамшы қазтамақ пен лаванда майын қосып, жақсылап араластырасыз. Осы қоспаны әр сағат сайын денеңізге жағып отырыңыз.

фото: notklop.ru


Спирт ерітіндісі

Масаға спирттің иісі ұнамайды. Сондықтан бөтелкеге 3/4 көлемде спирт құясыз. Оған 50 тамшы эфир майын (лаванда, эвкалипт, лемонграсс) қосыңыз. Соңынан толтырып су құйып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған сұйықтықты денеңізге жағып отырсаңыз, маса да, шіркей де жақындамайды.


Қалампыр

5 гр. калампырды (гвоздика) ыдысқа саласыз. Үстіне 1 стақан салқын су құйып, отқа қойыңыз. Баяу отта 15 минут қайнатасыз. Осы уақыттан соң ыдысты оттан алыңыз. Салқындаған соң 1:1 көлемде әтірмен араластырып, ашық денеңізге жағасыз.


Насыбайгүл мен жусан

Маса насыбайгүл (базилик) мен жусан (полынь) шөбінен өте қатты қорқады. Егер масаға қарсы дәрі жаққыңыз келмесе, жаныңызға бір тал насыбайгүл мен жусан шөбін қойыңыз. Сонда маса үйірімен үйіңізден қашады.


Қара бұрыш майы

Шағын ыдысқа 6 тамшы қара бұрыш майын құясыз. Оған жалбыз (мята бен лаванда майын қосыңыз. Қоспаға 1:2 көлемде ылғалдандыратын крем қосып, араластырасыз. Дайын болған қоспаны денеңізге жақсаңыз, маса шақпайды.


Осы әдістің қай-қайсысын қолданудан алдын аллергияңыздың бар-жоғаны анықтап алыңыз. Ол үшін таңдаған қоспаның кішкене бөлігін денеңізге жағасыз. Егер қызарып, бөртіп, қышып мазаңызды алмаса, онда денеңізді масадан қорғау үшін еш алаңсыз қолдана аласыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: lifehacker.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТІЗЕНІҢ ауырғанын балғын ҚИЯР емдейді


ЖАЗДА мазалайтын МЫНА ауруды қалай ЕМДЕУ керектігін білесіз бе?


ІШЕКТІҢ жұмысын піскен АЛМА жақсартады