ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірдегі дене шынықтыру және спорт саласының дамуы туралы айтты.
Сондай-ақ Қаражал қаласындағы «Горняк» стадионын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне ағымдағы жөндеу жасалды.
«Жезқазғанның есу мектебі көп жыл бойы чемпиондар ұстаханасы болып келеді. 1969 жылдан бері мұнда халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Олимпиада ойындарының қатысушылары, Азия және Қазақстан чемпиондары тәрбиеленді. Осы спорттық дәстүрді нығайту үшін жыл соңына дейін Жезқазғанда есу спорт түрлері бойынша спорт кешенінің құрылысы аяқталады. Биыл Жанаарқа кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, Жанаарқа ауданының Ералиев ауылында жедел тұрғызылатын ангарлық үлгідегі спорт кешенін және Ұлытау ауданындағы Жезді кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр», – деді облыс әкімі.
Оның айтуынша, өңір дамуының айнасы – облыс орталығы. Биыл әкімдік негізгі инженерлік желілерді екі жыл жөндегеннен кейін облыс орталығын абаттандыруға кірісті. Атап айтқанда, Алаша хан даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылды, 31 балалар ойын алаңы орнатылды, 8 алаң қалпына келтірілді.
Қоқыс контейнерлеріне арналған 100 алаң абаттандырылды. Сонымен қатар биыл қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 370 контейнер ауыстырылды және жыл соңына дейін қосымша тағы 130 контейнер орнатылады.


