Жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасы өсе ме — министр жауабы

0
89

Жыл басында елімізде бензин мен дизель бағасын мемлекет реттемеуі мүмкін екені туралы жазған болатынбыз.


Жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасы өсе ме — министр жауабы

Фото: Freepik

ERNUR.KZ. Жыл соңына дейін жанар-жағармай бағасы қаншалықты өседі. Бұл сұраққа Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жауап берді, деп жазады inform.kz.

"Бұл нарық болғаннан кейін, оның құнына қатысты нақты айта алмаймын. Отын құны өседі деген бағдарлама жоқ. Баға ішкі сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады", деді А. Ақкенженов.

Осы орайда ол биылғы ақпан айынан бастап бензин мен дизель отынына мемлекеттік реттеу алынып тасталғанын еске салды.
"Сондықтан қазір баға ішкі сұраныспен және тұтыну көлемі арқылы айқындалып жатыр", — деді министр.
Жыл басында елімізде бензин мен дизель бағасын мемлекет реттемеуі мүмкін екені туралы жазған болатынбыз.