Жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: қаза тапқан ерлі-зайыпты жерленді

0
112

Қоштасуға ауыл тұрғындарының басым бөлігі жиналған.


Жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: қаза тапқан ерлі-зайыпты жерленді

Видео кадры

ERNUR.KZ. Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ерлі-зайыптының жерлеу рәсімі өтті, деп жазады ulysmedia.kz.

Қоштасуға ауыл тұрғындарының басым бөлігі жиналды.

Марқұмдардың денесі бір күн бұрын аудан орталығынан жеткізілген. Таңертең ерлі-зайыптылар жергілікті зиратқа жерленді.

- Үй мөрленген, сондықтан мәйіттер туыстарының үйінен шығарылды. Қазір бәріне өте ауыр. Мұндай қасірет біздің ауылда бұрын-соңды болмаған, — дейді ауыл тұрғындары.
- Жерлеу рәсімін ұйымдастыруды жақындары өздері қолға алды. Бұл – бүкіл ауылға ортақ қайғы, — деп қосты ауыл әкімі Қанат Ғайса.

Марқұм ерлі-зайыптылар және олардың ересек ұлы мен қызы бірнеше ай бұрын жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Алғаш болып дабыл қаққан — туыстарының бірі. Ол желтоқсан айының соңына қарай полицияға жүгінген.

Тергеушілер үйді бірнеше рет тінтіген, алайда еш нәтиже болмаған. Кейінірек шаруашылық құрылыстан күмәнді белгілер анықталған. Диванның астынан тереңдігі шамамен бір жарым метр болатын шұңқыр табылып, оның ішінен топырақпен көмілген екі мәйіт шыққан. Қаза тапқандардың нақты қашан өлгенін тергеу анықтап жатыр.

Қылмысқа марқұмдардың күйеу баласы күдікті ретінде қаралып отыр. Тергеу жалғасуда.