Жоғары оқу орындары арасында білім беру мемлекеттік тапсырысын бөлу ережесі бекітілді

0
75

Бұйрық 2025 жылғы 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.


Жоғары оқу орындары арасында білім беру мемлекеттік тапсырысын бөлу ережесі бекітілді

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Ғылым және жоғары білім министрінің м. а. 2025 жылғы 4 қарашадағы бұйрығымен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекітті, деп жазады zakon.kz.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру гранттары түрінде білім беру бағдарламаларына, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (ЖЖОКБҰ) түрі мен мәртебесіне байланысты дифференциацияланып орналастырылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеу, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган, орта мерзімді кезеңге арналған кадрларға қажеттілік туралы нәтижелерді жыл сайын 1 сәуірден кешіктірмей ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

Уәкілетті орган орта мерзімді кезеңге арналған кадрларға қажеттілікті болжау жүйесінің нәтижелері негізінде, сондай-ақ жоғары білім мен ғылымды дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, жоспарларды ескере отырып, даярлау бағыттары бөлінісінде мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастырады.

Даярлау бағыттары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру бағдарламалары топтарына, сондай-ақ жоғары білім мен ғылымды дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, жоспарларды ескере отырып, ЖЖОКБҰ-ға, шетелдік жоғары білім беру ұйымдарының филиалдарына қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша бөлінеді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу білім беру бағдарламалары топтары бойынша үш жылдық кезеңге жүзеге асырылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу кезінде жекелеген білім беру бағдарламалары топтары үшін басым өлшем ретінде түлектерді жұмыспен қамту пайызы ескеріледі. Аталған көрсеткіш еңбек нарығында түлектердің сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Есептелген мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі оның белгіленген жалпы көлемін сақтау арқылы бүтін санға дейін дөңгелектенеді.

Комиссия шешімдері отырысқа қатысып отырған Комиссия мүшелері санының жай көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады және отырыстың хаттамасымен ресімделеді, оған төраға қол қояды. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

Уәкілетті орган Комиссия шешімінің негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын білім беру бағдарламалары топтары бойынша, оның ішінде өңірлерге ЖЖОКБҰ түрі мен мәртебесіне байланысты саралап бөледі.

Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырысты бөлу кезінде жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың әрбір бағыты бойынша қабылдау квотасының мөлшері көзделетіні айтылады.

Бұйрық 2025 жылғы 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.