Жезқазғанда өрттен 9 адам құтқарылды

0
112

Белгілі болғандай, тағы 72 тұрғын ғимараттан өз бетімен шыққан.


Жезқазғанда өрттен 9 адам құтқарылды

ERNUR.KZ. Жезқазған қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде қатты түтін басқаны анықталып, бұл тұрғындар үшін қауіп төндірген, деп жазады BAQ.KZ.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел жетті. ТЖМ қызметкерлері барлау жұмыстарын жүргізіп, адамдарды эвакуациялауды ұйымдастырды.

“ Нәтижесінде құтқарушылар тоғыз адамды эвакуациялады, олардың төртеуі — балалар “, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, тағы 72 тұрғын ғимараттан өз бетімен шыққан. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.