​Жезқазғанда 3 жасар баланы ұрған тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты

0
209

Педагогқа қатысты қылмыстық іс қозғалған.


​Жезқазғанда 3 жасар баланы ұрған тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Жезқазған қаласында балабақша тәрбиешісі үш жасар баланы ұрып жіберген, деп жазады inform.kz.

Педагогқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Сотта тәрбиеші жасалған құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады, бірақ оның кінәсі іс бойынша ұсынылған дәлелдемелермен, атап айтқанда балабақшадағы бейнебақылау камераларының бейнежазбасымен расталды.

— Тәрбиешіге 3 жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылды. Сот үкімі күшіне енді, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.