Жетісуда қар барысы видеоға түсіп қалды

0
266


Бейнеден алынған кадрлар

ERNUR.KZ. Желіде "Алтын-Емел" ұлттық паркі аумағында түсірілген қар барысының видеосы тарады, - деп жазады Tengri Travel.

Парк қызметкері, мемлекеттік инспектор Ерлан Молдахметов аумақты жоспарлы аралау кезінде қар барысын видеоға түсіріп алған.

"Бұл – сирек әрі аса құнды кадрлардың бірі. Қар барысы Қазақстанның Қызыл кітабына енген, оның табиғи ортада еркін мекендеуі экожүйенің тұрақтылығы мен сақталуының маңызды көрсеткіші саналады", - делінген жарияланымда.

Алтын-Емел - бұл Жетісу облысындағы ірі мемлекеттік ұлттық табиғи парк, еліміздегі ең танымал туристік нысандардың бірі. Оның негізі 1996 жылы қаланған және ландшафты әртүрлі - шөлді аймақтар, тау сілемдері, каньондар мен далалы алқаптардан тұратын ұлан-ғайыр аумақты алып жатыр.

Парк өзінің бірегей табиғатымен және Қызыл кітапқа енген құландар, қарақұйрықтар мен басқа да сирек кездесетін жануарларымен танымал.