Жетісуда болған жол апатынан екі полицей қаза тапты

0
220


Жетісуда болған жол апатынан екі полицей қаза тапты

ERNUR.KZ. Тәртіп сақшылары қызметтерін атқару кезінде қайтыс болғаны мәлім болды, деп жазады inbusiness.kz.


Ақпаратты Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жария етті.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан Жетісу облысы Полиция департаменті қызметкерлері — полиция майоры Арнұр Алханов пен полиция аға лейтенанты Шыңғыс Асылбековтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Олардың есімдері әріптестерінің жадында мәңгі сақталады", — деді Ержан Сәденов.

Министрдің сөзінше, Ішкі істер министрлігі марқұмдардың отбасыларына қажетті барлық көмекті көрсетпек.