Жетісу өңірінде республикалық маңызы бар автожолдар толық жөндеуден өтті

0
91

2024 жылы республикалық маңызы бар «Талдықорған-Үшарал» және «Үшарал-Достық» жолдары толық жаңартылды.


Жетісу өңірінде республикалық маңызы бар автожолдар толық жөндеуден өтті

ERNUR.KZ. «Сарыөзек-Қорғас» бағытындағы жол биыл толық жөндеуден өтті. Нәтижесінде облыстағы республикалық маңызы бар жолдар 100% жөнделді. Облыстық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 95%-ға жетті. Бұл жайлы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Молалы айналмасынан Балқаш көліне дейінгі жол биыл жаңғыртудан кейін көлік құралдары үшін ашылды.

«Былтыр Балқаш көліне дейін «Үштөбе-Көпбірлік» автомобиль жолының құрылысын бітірдік. Келесі жылы «Талдықорған – Үштөбе» жолына жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. 2023-2025 жылдары 188 елді мекеннің ауылішілік көшелері жөнделді», – деді облыс әкімі.

2023-2024 жылдары орталықтандырылған сумен жабдықтауға Жетісудағы 4 ауыл қосылды, 25 елді мекенде ауыз судың сапасы жақсарды. 2025 жылы тағы 4 елді мекен сумен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде облыста 329 елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен жабдықталып, қамтамасыз ету деңгейі 99,9%-ға жетті. Қалған 27 елді мекен тұрғындары суды тасып ішеді.

Облыс құрылғанға дейін тек 5 елді мекен немесе облыс халқының 25%-ы ғана газдандырылған болған. Жыл соңына дейін барлығы 126 елді мекенге газ құбыры тартылады. Газдандыру деңгейі 72%-ға жетеді. Биыл «Талдықорған-Үшарал» магистральды газ құбырының құрылысы аяқталды. Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының 84 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 2028 жылы облыста 210 елді мекенге газ тартылмақ. Жеке инвестициялар есебінен «Алматы-Талдықорған» екінші магистралды газ құбырының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.