7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Талдықорған қаласында ерлік пен жанқиярлықтың айғағына айналған оқиға болды.
Фото: Polisia.kz
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні Талдықорған қаласында ерлік пен жанқиярлықтың айғағына айналған оқиға болды. Полиция майоры Мирас Даутов қызметтен тыс уақытта, Көкбастау көшесімен өтіп бара жатып, көмек сұраған адамның даусын естиді.
Көшеде тұрған ер адам екі қабатты тұрғын үйде қатты түтін пайда болып, ішінде балалар қалып қойғанын айтып, көмекке шақырған. Ойланбастан Мирас Даутов газ қызметкерімен бірге түтінге оранған үйге кіреді. Өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, олар 9 бен 13 жас аралығындағы үш баланы аман-есен сыртқа алып шыққан. Жедел әрекеттің нәтижесінде қайғылы оқиғаның алды алынды.