​Жетісу облысында «Маман» тұрғын үй бағдарламасы басталды

0
76

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 25 тамызынан бастап 5 қыркүйекке дейін жалғасады.


​Жетісу облысында «Маман» тұрғын үй бағдарламасы басталды

фото:gov.kz.

ERNUR.KZ. Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен «Отбасы банк» АҚ филиалы (Бәйтерек холдингінің еншілес ұйымы) «Маман» бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды. Жаңа бастама өңірдің әлеуметтік және экономикалық өмірінің негізгі салаларында еңбек ететін мамандарды қолдауға бағытталған. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, энергетика, БАҚ және өңірдің басқа салаларының қызметкерлеріне бағдарлама аясында жеңіл шарттармен жеке меншік тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 25 тамызынан бастап 5 қыркүйекке дейін жалғасады.

  • «Биылғы жыл ерекше. Мемлекет басшысы оны «Жұмысшы мамандықтарының жылы» деп жариялады. Отбасы банк еңбек адамдарын қолдайды. Сол үшін 2025 жылы біз «Наурыз жұмыскер» бағдарламасын іске қостық. Оның арқасында ел бойынша 1 633 жұмысшы мамандығының өкілдері қолжетімді шарттармен баспана сатып алды. Сондай-ақ банк өңірлерде тұратын азаматтарды қолдауға ерекше назар аударады. Осыған байланысты Жетісу облысында қосымша «Маман» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Ол туған өлкенің дамуына күн сайын үлес қосып жүрген білікті мамандарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған», - деп «Отбасы банк» АҚ Жетісу филиалының директоры Жасұлан Құрманғалиев атап өтті.

«Маман» бағдарламасы бойынша несие беру шарттары:

  • Қарыз сомасы - 20 млн теңгеге дейін;
  • Бастапқы жарна - 10% бастап;
  • Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5% (ЖТСМ 5,2% дан 5,7% дейін).
  • Сатып алуға арналған нысандар – бірінші нарықтағы тұрғын үй, соның ішінде ҚТҚ (Қазақстан тұрғын үй компаниясы) кепілдігі болған жағдайда үлестік қатысу, одан кейін екінші нарықтағы тұрғын үй, жер телімі бар жеке үйлер. Тұрғын үй Жетісу облысының аумағында сатып алынады.

Кім қатыса алады?

Бағдарлама Жетісу облысында кемінде бір жыл жұмыс істейтін және соңғы үш жылда аталмыш аймақта тіркеуі бар мамандар:

  • журналистер мен БАҚ қызметкерлері,
  • мұғалімдер мен тәрбиешілер,
  • дәрігерлер мен медицина қызметкерлері,
  • мәдениет қайраткерлері және шығармашылық одақтардың мүшелері,
  • спортшылар мен жаттықтырушылар,
  • энергетика саласының мамандары,
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері,
  • туризм саласының қызметкерлері және саяси партия филиалдары аппараттарының қызметкерлері.

Талаптары:

  • жас мөлшері - 63 жасты қоса алған жасқа дейін;
  • соңғы 5 жыл ішінде өтініш беруші мен отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің болмауы;
  • Жетісу облысында соңғы үш жылда тұрақты тіркеуі бар.бағдарламаға ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Іріктеу жүйесі қалай іске асырылады?

Өтінімдер қалалық және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінде қабылданады. Қатысушылар тізімін әкімдік жанындағы тұрғын үй комиссиясы қалыптастырады. Оның өңілдері өтінімдерді балдық жүйе бойынша бағалайды. Бағалау кезінде жасы, еңбек өтілі, отбасылық жағдайы, кәмелетке толмаған балаларының болуы, тұрғын үй кезегінде тұруы, үлескерлік мәртебесі, банкпен қатынасы және облыстағы тіркеу мерзімі ескеріледі. Ең жоғары баллды жас мамандар, балалары бар отбасылар және әлеуметтік осал санаттағы кезектегілер ала алады.

Өтінімді қалай беру керек?

Қатысу құжаттар топтамасымен жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына (ауданның/қаланың ТКШ) жүгіну қажет:

  • әкімдіктен жолдама,
  • жеке төлқұжат,
  • неке қию куәлігі және балалардың туу туралы куәліктері,
  • табыс туралы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы жөнінде анықтама.

Жеке кәсіпкерлерден банктік шоттың соңғы 12 айдағы қосымша үзінді көшірмесі талап етілетін болады.