Жетісу облысында борышкер алимент төлемеу үшін шетелге қашып кеткен

0
152

Сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Жетісу облысында борышкер алимент төлемеу үшін шетелге қашып кеткен

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Жетісу облысында алимент бойынша борышкер шетелге қашып кеткен, деп жазады sputnik.kz.
Алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізу аясында борышкерге шетелге шығуға шектеу қойылған. Бірнеше жылдан кейін сот орындаушысы атқарушылық құжатты жеке сот орындаушысына беру үшін өндіріп алушыға оның өтініші негізінде қайтарады.
"Одан әрі өндіріп алушының өтініші негізінде борышкердің кетуіне қойылған шектеу алынып тасталып, ол Корея Республикасына емін-еркін ұшып кеткен, қазіргі уақытта сол жақта", - деп жазылған хабарламада.
Прокурорлық тексеру кезінде өндіріп алушы атқарушылық іс жүргізуді қайтару және борышкердің шығуына қойылған шектеуді алып тастау туралы өтініштермен сот орындаушысына жүгінбегенін, өтініштегі қолжазба оған тиесілі емес екенін көрсетті.
Оның үстіне ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде болғандықтан өтініш бере алмайтын болған. Борышкердің алимент бойынша берешегі өтелмеді.
Облыс прокуратурасы сот орындаушысына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 362-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.