Желіде қазақстандық қыздарды соғысқа қажет дрон шығаратын зауытқа арбайтын жарнама пайда болды

0
96

Өткен аптада Ozon қосымшасында Ресейдегі жұмыс орындары туралы жарнама пайда болды, онда 100 028-ден 126 125 рубльге дейін (600 мың теңге-780мың теңге) жалақы уәде етілген.


Желіде қазақстандық қыздарды соғысқа қажет дрон шығаратын зауытқа арбайтын жарнама пайда болды

фото:stan.kz.

ERNUR.KZ. AMANAT партиясы Ozon қосымшасындағы "Алабуга старты" бағдарламасының жарнамасында серіктес ретінде көрсетілген. Онда қазақстандық қыздарды Ресейге жұмысқа шақыртқан. Сорақысы – жұмыс берушілер соғыс үшін дрон шығарады екен, деп жазады stan.kz.

Өткен аптада Ozon қосымшасында Ресейдегі жұмыс орындары туралы жарнама пайда болды, онда 100 028-ден 126 125 рубльге дейін (600 мың теңге-780мың теңге) жалақы уәде етілген. Ұшу билеті төленеді және мансаптық өсу бар деп көрсетілген.

Жұмысқа 16 жастан 22 жасқа дейінгі қазақстандық жастарды шақыртқан, тіпті орта білімді талап етпейміз деген.

Жұмыс беруші – Украинадағы соғыс үшін Геран типті шабуылдаушы дрондар шығарылып жатқан Татарстандағы “Алабуга”.

Әртүрлі елдерден 600 адам қатысуға, ресми жұмысқа орналасуға, медициналық сақтандыруға және субсидияланған тұрғын үйге өтініш берген.

Бағдарламаның сайтында "Сіздің мансабыңыз, сіздің тәуелсіздігіңіз, сіздің таңдауыңыз" ұранмен жеті мансаптық бағытты ұсынылды:

  • Монтаж жұмысы,
  • Кейтеринг,
  • Логистика,
  • Автотранспорт,
  • Әрлеу жұмыстары,
  • Өндіріс операторы,
  • Қызмет көрсету және қонақжайлылық.

Талаптары бойынша жүкті емес әйелдер не қыздар ғана қатыса алады.

Сондай-ақ кем дегенде 30 000 рубль (201 900 теңге) алып келу керек дейді, себебі келгеннен кейін жұмыс табу бір айға дейін созылуы мүмкін. Яғни Ресейде бір ай өз қаржысына тұрады.

Журналистердің бірі жұмыс бойынша хабарласып көрген және оған мансап төрт кезеңнен тұратынын айтты – кескіш, техник, жетекші техник, бас техник.

“Алабуга” немен айналысады?

Алабугада ирандық Шахед-131/136 ресейлік баламасы – Геран-1 және Геран-2 шабуыл дрондарының өндірісі жолға қойылды. Ресейлік БАҚ бұл туралы ашық мәлімдеді. АЭА бас директоры Тимур Шагивалеевтің өзі дрондардың өндірісі туралы жариялады.

Халықаралық санкциялар тізілімінде "Алабуга АЭА " азаматтық персоналды, соның ішінде "Алабуга политехникалық технополисінің" студенттерін жұмыспен қамтитын әскери өндіріс орталығы ретінде сипатталады. Жылына мыңдаған дронды жасап шығарады.

Алабуганың ресми веб-сайтында дрондар туралы ештеңе айтылмаған. Оның орнына "өнеркәсіптік алаң", "инновация" және "болашақтың жұмыс күші" деген сөздер қолданылады.

AMANAT-тың қатысы қандай?

Бағдарлама сайтының төменгі жағында AMANAT партиясы авторлық құқық иесі ретінде көрсетілген. Онда "Қазақмыс" компаниясы да бар. Бұл ұйымдарды Ресейдің әскери өндірісіне жастарды тарту бағдарламасымен не байланыстыратыны белгісіз.

Ал Алабуга Start жұмыспен қамту туралы хабарландыру 8 сәуірде Ozon-нан жоғалып кетті.

AMANAT Ұлытау аймағындағы филиалына тергеу жүргізді.

Нәтижесінде Ұлытау аймағындағы AMANAT партиясының филиалы мен KAZAKHMYS компаниясы жарнаманы жарияламағаны және жобамен ешқандай байланысы жоқ екенін мәлімдеді.