Жеке клиникаларда көздің мөлдір қабығын трансплантациялауға рұқсат етілді

0
115

Қазіргі таңда Қазақстанда 2500-ден астам азамат медициналық көрсетілімдер бойынша мөлдір қабықты ауыстыруға мұқтаж.


Жеке клиникаларда көздің мөлдір қабығын трансплантациялауға рұқсат етілді

фото: Sputnik / Виталий Аньков

ERNUR.KZ. Қазақстанда көздің мөлдір қабығын трансплантациялау немесе кератопластика жүргізу үшін медициналық ұйымдардың тізімі кеңейтіледі, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі таңда Қазақстанда 2500-ден астам азамат медициналық көрсетілімдер бойынша мөлдір қабықты ауыстыруға мұқтаж, бірақ елде бұл қызметті ала алмай отыр.
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобасының шеңберінде тиісті норма мәжілістің екінші оқылымында мақұлданды. Бұған дейін "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске сәйкес мұндай операцияларды тек мемлекеттік клиникаларда жүргізуге ғана рұқсат етілген болатын", - дейді ведомство.
Ел азаматтарына мөлдір қабықты трансплантациялау бойынша операциялар медициналық туризм шеңберінде көрсетіледі. Бұл өз кезегінде мұқтаж науқастар мен олардың отбасыларына үлкен материалдық ауыртпалық түсіріп, медициналық көмектің, әсіресе балалар үшін, қолжетімділігін шектейді.
"Бүгінгі таңда Асфендияров атындағы ҚазҰМУ офтальмологиялық орталығының базасында орындалатын операциялар саны тым жеткіліксіз, сондықтан арнайы даярлықтан өткен мамандар мен заманауи диагностика және операциялық жабдықтары бар медициналық ұйымдар тізімін кеңейту қажеттілігі туындады", - деді министрлік.
️Әлемде жыл сайын шамамен 180 мың мөлдір қабықты ауыстыру операциясы жүргізілсе, соның тек 42 мың трансплантациясы АҚШ-тың үлесіне тиеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш жылына шамамен 200 операцияны құрайды.