«Жасыл даму» АҚ-ға Қалдықтарды басқару жөніндегі ұлттық орталық мәртебесін беру көзделіп отыр

0
98

Қалдықтардың барлық түрлерін басқару жөніндегі тұжырымдаманың тағы да бір бағыты қалдықты басқару саласында халық пен бизнестің экологиялық мәдениетін арттыру болып табылады.


«Жасыл даму» АҚ-ға Қалдықтарды басқару жөніндегі ұлттық орталық мәртебесін беру көзделіп отыр

ERNUR.KZ. Ашық есеп беру арқылы бизнестің жауапкершілігін ынталандыру Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасының принципіне сәйкес келеді. Бұл жайында ҚР ЭТРМ Қалдықтарды басқару департаментінің директоры Руслан Тукенов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Ол Тұжырымдама жобасында көрсетілген қалдықты жүйелі басқаруға көшуді көрсететін нысаналы индикаторларды атады:

  • «Радиоактивті қалдықты қоспағанда, қалдықтың барлық түрін 100% түгендеу;
  • өнеркәсіптік қалдықтарды қайта пайдалану үлесін 10%-ға арттыру;
  • полигонға жіберілетін коммуналдық қалдық көлемін кемінде 10%-ға төмендету.
Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді. Оны орындау орталық және жергілікті атқарушы органдардың келісілген жұмысын талап етеді», – деді Департамент директоры.

Сондай-ақ жоспарланған шараларды сапалы орындау мақсатында «Жасыл даму» акционерлік қоғамына Қалдықтарды басқару жөніндегі ұлттық орталық мәртебесін беру көзделіп отыр. Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді.

Тұжырымдамада ұсынылған шараларды іске асыру халықаралық стандарттарға және ұзақ мерзімді ұлттық мақсаттарға сәйкес келетін қалдықтарды басқарудың тиімді, экономикалық орнықты және экологиялық қауіпсіз жүйесін құруға мүмкіндік береді.