Жас футболшының өліміне ҚФФ пікір білдірді

0
85

"Хан Тенгри" Футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу 16 қазан күні қайтыс болған.


Жас футболшының өліміне ҚФФ пікір білдірді
фото: zakon.kz.

ERNUR.KZ. Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Давид Лория жас футболшы Диас Төлеудің алаңда қайтыс болуына қатысты пікір білдірді, деп жазады zakon.kz.

Лорияның сөзінше, өлімнің нақты себебі әлі анықталуда.

"Бұл біз үшін үлкен трагедия, себебі бала мүлдем сау еді және өзін тамаша сезінген. Носилкалармен әкеткенде, сіздер көргендей, ол санасында болды. Иә, өзін нашар сезінді. Өкінішке қарай, әлемде мұндай трагедиялар жиілеп кетті, тіпті балалар толық медициналық тексеруден өткен болса да, неліктен бұл болып жатыр – оны зерттеу керек", – деді Лория.

"Хан Тенгри" Футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу 16 қазан күні қайтыс болған.