Жамбыл облысында жүк көлігі аударылып, отқа оранды

0
83

Оқиға «Алматы – Ташкент» тасжолының 560-шақырымында болған.


Жамбыл облысында жүк көлігі аударылып, отқа оранды

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Жуалы ауданында «Алматы – Ташкент» тасжолының 560-шақырымында, Нұрлыкент ауылына таяу тұста ірі жол апаты болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мотор майын тасымалдап бара жатқан ауыр жүк көлігі жол жиегіне аударылған. Салдарынан көліктің өзі ғана емес, жерге жайылған жанар-жағармай материалдары да бірден тұтанған.

Оқиға орнына ТЖМ күштері мен техникасы шұғыл түрде жөнелтілді. Өрт сөндіру бөлімшелері жеткен сәтте жүк көлігі мен төгілген май лаулап жанып жатқан болатын.

Құтқарушылардың үйлесімді әрі кәсіби іс-әрекетінің арқасында тілсіз жау қысқа мерзім ішінде толық ауыздықталды. Ресми мәлімет бойынша, апаттан зардап шеккендер жоқ.