Жамбыл облысында өгей балаларын азаптаған ер адам сотталды

0
75

Сотталушы олардың еңбегінен түскен кірісті өзінің жеке мүддесіне пайдаланған.


Жамбыл облысында өгей балаларын азаптаған ер адам сотталды

фото: Pixabay / StockSnap

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында өгей әкесі кәмелетке толмаған үш баланы қинағаны үшін сотталды, деп жазады sputnik.kz.
Талас аудандық соты кәмелетке толмаған 3 баланы қинады деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.
Сотпен анықталғандай, 2019 жылдан 2025 жылға дейін ер адам шаруа қожалығының аумағында 2008 жылы туған кәмелетке толмаған өгей балаларына қатысты физикалық күшті жүйелі түрде қолданып, оларды азаптаған.
"2025 жылдың сәуірінен бастап ол жұбайының кәмелетке толмаған үшінші ұлына да осылай қараған. Сотталушы балаларды қоғамнан оқшаулап, олардың оқуы мен дамуына кедергі келтірген, еңбекке мәжбүрлеп, тамақтануларын шектеген. Сотталушы олардың еңбегінен түскен кірісті өзінің жеке мүддесіне пайдаланған", - деп жазылған хабарламада.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілер өкілдерінің айғақтарымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Сот үкімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.