Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды

0
80

Мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаруды ұстау кезінде ауыр жарақат алған.


Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды

Фото © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қайтыс болды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 27 қаңтарда Жамбыл облысында болған. Ведомство мәліметінше, "мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаруды ұстау кезінде ауыр жарақат алған". Дерек бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас Прокурордың жеке бақылауына алынған. Ресми ақпарат бойынша, оқиғаның алдындағы мән-жайларды объективті және жан-жақты (комиссиялық) анықтау мақсатында қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына шыққан.

"Сонымен қатар, бұл топтың алдына еліміздің тиісті әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің сақталуы мен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының сақталуына жан-жақты тексеруді ұйымдастыру тапсырылды. Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралады", - делінген хабарламада.