Ақтөбеде үш қабатты үй өртенді: бес адам құтқарылды

0
84

Құтқарушылардың кәсіби әрекетінің арқасында өрт 10 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.


Ақтөбеде үш қабатты үй өртенді: бес адам құтқарылды

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында түнде көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарып, тілсіз жауды жедел ауыздықтады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Төтенше оқиға Ақтөбедегі Станционная көшесінде орналасқан үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған. Бірінші қабаттағы қойма бөлмесінен шыққан өрт са салдарынан үй ішін қою түтін басты. Шақырту бойынша жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың жоғарғы қабаттарынан 5 адамды құтқарған. Құтқарушылардың кәсіби әрекетінің арқасында өрт 10 шаршы метраумақта толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті.