Оқушылар баланың анасына болған жағдайды айтып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Нәтижесінде бала аман қалды.
Фото: Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде киімсіз кішкентай баланың алтыншы қабаттағы терезеде тұрған видеосы тарады, деп жазады Stan.kz.
Видеодан төменде дене шынықтыру сабағын өтіп жатқан оқушылардың жиналғанын көруге боалды.
Мектеп қызметкерінің айтуынша, оқушылар терезе алдында тұрған баланы байқап, үшеуі пәтерге қарай жүгірсе, қалғандары төменде тұрып, үстіндегі киімдерін керіп, бала құлаған жағдайда қағып алуға дайын болған.
“Мектебіміздің оқушылары адам өміріне бейжай қарамай, батылдық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Жағдайды алғаш көрген Ботагөз Өміріұзақова болды. Игі істің ұйымдасқан түрде жүзеге асуына дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ернар Елубаевтың қосқан үлесі зор”, – деп жазды желі қолданушысы.
Оқушылар баланың анасына болған жағдайды айтып, қайғылы жағдайдың алдын алды. Нәтижесінде бала аман қалды.


