Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 17 қазанда сағат 19:04-те Тұран ауданындағы Темірлан тасжолында орналасқан көлік жөндеу орталығының бірінде өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Кадр из видео
ERNUR.KZ. Шымкент қаласының Тұран ауданындағы автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шығып, екі жұмысшыны күйік шалды. Олар ауруханаға жеткізілді, деп жазады kaz.inform.kz.
Көлік жөндеу орталығындағы қою түтін мен ашық жалын бейнеленген видеолар әлеуметтік желілерде тарады. Желі қолданушылары өрт көліктің жанармай багын жөндеу кезінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін екенін болжаған. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 17 қазанда сағат 19:04-те Тұран ауданындағы Темірлан тасжолында орналасқан көлік жөндеу орталығының бірінде өрт шыққаны туралы хабар түскен.
“!Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізіп, өртті сөндіруге кірісті. Жалын екі жеңіл автокөлікті және ғимараттың шатырын шарпыды. Өрт 56 шаршы метр аумақты қамтыды. Сағат 19:32-де өрт толық сөндіріліп, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді “, – деп хабарлады Шымкент қаласының ТЖД.
Өрт салдарынан көлік жөндеу орталығының екі қызметкері жеңіл дәрежеде күйік шалып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір мамандар өрттің нақты себебін анықтап жатыр.
Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.


