15 наурызда 3-гвардия бекетінде жауынгері кездейсоқ мылтық атып, гвардия командиріне тиген.
Фото: Kazinform
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде әскери бөлім аумағында атыс болғаны туралы ақпарат тарады. Алдын-ала мәлімет бойынша, атысқа қатысы барлар әскери-тергеу департаментінің қызметкерлері екені белгілі болды, деп жазады inform.kz.
15 наурызда 3-гвардия бекетінде жауынгері кездейсоқ мылтық атып, гвардия командиріне тиген. Екеуі де Қарулы Күштерінің әскери-тергеу департаментінің қызметкерлері болған. Жараланған адам әскери госпитальға жеткізілген, өкінішіке қарай оны құтқару мүмкін болмаған.
Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Еске сала кетейік, жақында Атырау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде мерзімді әскери қызметші оқ жарақат алып, әскери облыстық ауруханада көз жұмғанын жазған едік.
Оған дейін Абай облысындағы гарнизонда әскери қызметші қаза тапты.


