Зейнетақы жинағын пайдалану: тіс емдеуге өтінімдер қабылдау тоқтатылады

0
77

Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы банк қосымша хабарлайды.


Зейнетақы жинағын пайдалану: тіс емдеуге өтінімдер қабылдау тоқтатылады

Midjourney

ERNUR.KZ. Қазақстанда стоматологиялық қызметтерді төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінімдер қабылдау уақытша тоқтатылады. Шектеулер 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Құрметті клиенттер, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Бұл күнге дейін берілген барлық өтінім қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді", – деп мәлімдеді "Отбасы банк".

Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы банк қосымша хабарлайды.