Ыстықкөлге демалуға барған қазақстандық турист 14 жастағы қызды соққыға жықты

0
79

Куәгерлердің айтуынша, жанжал әйел демалып отырған жердегі қоқысқа байланысты басталған.


Ыстықкөлге демалуға барған қазақстандық турист 14 жастағы қызды соққыға жықты

Фото: Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Қырғызстанның Бөстері ауылында Қазақстан азаматы мен 14 жастағы жергілікті тұрғын арасында жанжал туындап, оқиға соңы күш қолданумен аяқталды, деп жазады inbusiness.kz.

Threads әлеуметтік желісінде демалушылардың бірі болған оқиғаны жариялады. Зардап шеккен жасөспірім ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған миы шайқалғаны және мұрны сынған деген диагноз қойды.

Олардың сөзінше, әйел алдымен балағат сөздер айтып, қыздың мойнынан ұстаған.

Айналадағы адамдар араша түсуге тырысқанымен, ол: "Мен әлі ұра да бастаған жоқпын", – деп, қызды жерге құлатып, бірнеше рет соққы жасаған.

Сондай-ақ куәгерлер оқиғадан кейін әйелдің босатылғанын айтқан.

Желіде оқиғаның видеосы пайда болғаннан кейін Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің Ыстықкөл облыстық ішкі істер басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Оқиғаға қатысты хаттама тіркеліп, алдын ала тергеу басталды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.