Қостанай тұрғынынан синтетикалық психотроптық зат салынған 30 орама тәркіленді

0
92

Қостанай облысында полицейлер 38 жастағы ер адамнан синтетикалық психотроптық зат салынған 30 орама тәркіледі.


Қостанай тұрғынынан синтетикалық психотроптық зат салынған 30 орама тәркіленді

ERNUR.KZ. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген орамалардың ішінен жалпы салмағы 7 грамм болатын синтетикалық психотроптық зат анықталған, деп жазады baq.kz.

Қостанай облысында полицейлер 38 жастағы ер адамнан синтетикалық психотроптық зат салынған 30 орама тәркіледі.

Полицияның мәліметінше, тыйым салынған заттар Федоровка ауылының тұрғынынан табылған. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген орамалардың ішінен жалпы салмағы 7 грамм болатын синтетикалық психотроптық зат анықталған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.