Ыстықкөлде демалуды жоспарлап жүрген қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық

0
304

27 маусымнан бастап бұл компания Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды.


Ыстықкөлде демалуды жоспарлап жүрген қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық

Сурет: pixabay

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 26 маусымда ҚР Көлік министрлігі Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашатынын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

27 маусымнан бастап бұл компания Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды.

Рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері орындалады.

"Сонымен қатар 2025 жылғы 3 шілдеден бастап қазақстандық Fly Arystan әуе компаниясы да Алматы – Ыстықкөл бағыты бойынша тікелей рейстерді бастайды. Бұл рейстер аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Осылайша, биылғы жазғы маусымда аталған бағытта аптасына төрт тұрақты жолаушылар рейсі орындалады", - деп хабарлады министрлік.

Еске салайық, маусым айының басында Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының көбейгені белгілі болған еді.