Яна Легкодимованың өлімі: тергеушінің қызметі өсті

0
85

Қызметтік міндетін абыроймен атқарып, аса ауыр қылмысты ашуда ерекше көзге түскен бірқатар полицей марапатталған.


Яна Легкодимованың өлімі: тергеушінің қызметі өсті

фото: видео кадры

ERNUR.KZ. Атырау облысында 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты істі тергеген тергеушінің қызметі өсті, деп жазады tengrinews.kz.

Қызметтік міндетін абыроймен атқарып, аса ауыр қылмысты ашуда ерекше көзге түскен бірқатар полицей марапатталған.

"Тергеуді сапалы жүргізіп, кәсіби шеберлік танытқан тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, полиция капитаны Темірхан Хажмұратов мерзімінен бұрын басшы құрамның арнаулы атағын алды", - деп жазылған хабарламада.

Атырау облысы ПД мәліметінше, марапатқа себеп болған - 2024 жылы із-түссіз жоғалған Яна Легкодимоваға қатысты аса ауыр қылмысты ашуда атыраулық полицейлердің кәсібилігі мен жедел әрекеті.

"Тәртіп сақшылары бейнебақылау дерегін саралап, жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастырып, екі күдіктіні анықтап, істі толық ашты. Қос күдікті сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айырылды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Яна Легкодимованың жантүршігерлік өліміне қатысты істің мән-жайы хабарланды.