Яна Легкодимованың өлімі: айыпталушылар өмір бойы бас бостандығынан айырылды

0
111

Сот 24 және 25 жастағы айыпталушыларға ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды.


Яна Легкодимованың өлімі: айыпталушылар өмір бойы бас бостандығынан айырылды

видео кадры

ERNUR.KZ. Атырауда сот 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты атышулы істі қарап, айыпталушыларға үкім шығарды, деп жазады tengrinews.kz.

Сот 24 жастағы Р.Х. және 25 жастағы А.К.-ны аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды:

  • ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 7) тармағы – "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған кісі өлтіру".
  • ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігі 6) тармағы – "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бөтеннің мүлкін қасақана жою".

Айыптардың жиынтығы бойынша сот әрқайсына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.