Вьетнамдық компания қазақстандық әуежайлардың бірін сатып алмақ

0
116

2024 жылдың мамыр айында вьетнамдық Sovico Group компаниясы Qazaq Air әуе компаниясын сатып алатыны белгілі болған еді.


Вьетнамдық компания қазақстандық әуежайлардың бірін сатып алмақ

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ақорда кулуарында вьетнамдық компания Қазақстан әуежайларының бірін сатып алуы мүмкін екенін айтты, деп жазады stan.kz.

"Вьетнамдық Sovico Group компаниясы әуежайды сатып алу немесе оны басқаруға алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Компания өте үлкен, қарқынды дамып келеді әрі халықаралық әуе компанияларымен өте жақсы келісім-шарттары бар... Boeing компаниясымен үлкен келісім-шарты бар және менің түсінуімше, ол борттардың бір бөлігін Қазақстанда да дамытпақшы", - деді Жұманғарин.

2024 жылдың мамыр айында вьетнамдық Sovico Group компаниясы Qazaq Air әуе компаниясын сатып алатыны белгілі болған еді.

Сол кезде тікелей инвестицияның жалпы көлемі 1 миллиард доллардан асуға тиіс екені, бұдан бөлек, жаңа иеленуші әуекомпанияның қор алдындағы қарызын толығымен өтейтіні айтылған. Желтоқсан айының соңында Qazaq Air мәмілесі жабылып, тараптар келіскен барлық алдын ала шарттар орындалғаннан кейін акциялар инвесторлардың меншігіне өтетіні хабарланды.