Күдікті марқұмның 1,5 млн теңгеден астам қаражатын иемденіп алу үшін осындай қылмысқа барған.
Фото: Polisia.kz
ERNUR.KZ. ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері 2022 жылы Алматы облысы Қарасай ауданында жасалған қылмысты ашты, деп жазады inform.kz.
Күдікті марқұмның 1,5 млн теңгеден астам қаражатын иемденіп алу үшін осындай қылмысқа барған. Кейін ізін жасыру мақсатында қаскүнем мәйітті оқиға болған жерден алып кеткен.
Жедел-іздестіру шаралары барысында қаскөй ұсталып, қамауға алынды. Тергеу әрекеттері кезінде ол жасаған ісін, кінәсін толық мойындады.
Айғақтарды тексеру кезінде Алматы қаласы маңында су құбырлары жанынан қазба жұмыстары жүргізіліп, адам сүйектерінің фрагменттері табылды.
Сот-генетикалық сараптама нәтижесінде олардың марқұмға тиесілі екені анықталды.
Қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеліп жатыр. Тергеу органдары істі сотқа жолдау үшін сотқа дейінгі тергеу материалдарының толықтығын қамтамасыз етіп жатыр.