Үш баланың анасы қаза тапқан оқиғадан кейін жеке авиацияға бақылау күшейтіледі

0
167

Ақмола облысында жалпы мақсаттағы авиация желісі бойынша ұшуды орындау кезінде Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл моторлы әуе кемесі апатқа ұшыраған болатын.


Үш баланың анасы қаза тапқан оқиғадан кейін жеке авиацияға бақылау күшейтіледі

фото: baq.kz.

ERNUR.KZ. «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ 2025 жылғы 22 маусым мен 17 тамызда болған авиациялық оқиғаларға тікелей қатысы бар әуе кемелері пайдаланушыларының жұмысын тоқтатты, деп жазады baq.kz.

Ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттарының 49 әуе кемесі жоспардан тыс тексеріледі.

Сондай-ақ жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын бағалайтын ұйымдардың қызметі де тексеріледі.

Бұған дейін Ақмола облысында жалпы мақсаттағы авиация желісі бойынша ұшуды орындау кезінде Aerostar R40F UP-LA229 жеңіл моторлы әуе кемесі апатқа ұшырағанын хабарланғанбыз.

Оқиға салдарынан ұшқыш пен жолаушы қаза тауып, полиция қылмыстық іс қозғады.