Ер адам полицияға көршісінің иті күн сайын түнде қатты үретінін айтып, оның отбасының ұйықтай алмай жүргенін жеткізген.
ERNUR.KZ. Павлодарлық тұрғын түн ұйқысына кедергі келтірген итке қатысты полицияға шағым түсірді. Нәтижесінде ит иесі айыппұл арқалады, деп жазады zakon.kz.
Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, түнгі уақытта үру, ластанған кіреберістер мен аулалар – көршіні үй жануарларын дұрыс ұстамағаны үшін жауапкершілікке тартуға себеп.
Мысалы, ер адам полицияға көршісінің иті күн сайын түнде қатты үретінін айтып, оның отбасының ұйықтай алмай жүргенін жеткізген. Тағы бір жағдайда тұрғындар екі күн бойы ұлыған итке байланысты иесіне шағымданған.
"Иттің ұлуы немесе үруі – оның жағдайының дұрыс еместігін білдіруі мүмкін. Мүмкін, иесі ветеринарға көрсетуі керек шығар. Иттің мұндай дауыстары – көмек сұраған белгі болуы мүмкін. Біз бұл мәселені бірлесіп шеше аламыз деп ойладым, бірақ ит иесі біздің өтініштерімізді елемейді және біздің талаптарымызға жауап бермейді, сондықтан мен полицияға хабарластым – деді павлодарлық полицияға.
"Ол – жануар, ештеңе түсінбейді" деген сылтаулар заң аясында негізсіз. Егер жануардың әрекеті өзгелерге зиян келтірсе, иесі заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселені шешудің ең тиімді жолы – көршілермен келісіп, ортақ тіл табысу. Егер көршілермен тіл табысу мүмкін болмаса, учаскелік инспекторға жүгінуге болады", – деді Полиция департаменті.
Белгілі болғандай, жыл басынан бері тыныштықты бұзғаны үшін төрт мыңнан астам павлодарлық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төледі.