Ұлттық тауарлар каталогымен жұмыс істеген кәсіпкерлерге бұғатталу қаупі төнбейді – Қаржы министрлігі

0
88

​Қазақстанда Ұлттық тауарлар каталогын (ҰТК) енгізу жұмыстары жалғасып жатыр.


Ұлттық тауарлар каталогымен жұмыс істеген кәсіпкерлерге бұғатталу қаупі төнбейді – Қаржы министрлігі

ERNUR.KZ. Бүгінде шамамен 15 млн тауар қамтылған база құрылған. Бұл туралы ҚР қржы вице-министрі Әсет Тұрысов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

ҰТК-ға тауарларды жүктеу және түсіру үшін API сервистері іске қосылған. Бұл сервистерді бақылау-кассалық машина өндірушілері, бизнес өкілдері және фискалдық деректер операторлары пайдалана алады. Олар ҰТК-мен жұмыс істейтін барлық заңды тұлға үшін тегін.

Қазір Ұлттық тауарлар каталогын қалыптастыру аясында негізгі мемлекеттік жүйелермен интеграция жұмыстары жүргізілуде. Олардың ішінде Қаржы министрлігінің жүйелері, салық және кеден жүйелері, мемлекеттік сатып алу порталы және басқа да жүйелер бар.

«Біз көптеген өтінімдерді өңдейтін жасанды интеллект қолданамыз. Бүгінгі күні номенклатура бойынша шамамен 749 мың өтінім бар және ол модерацияда тұр», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

ҰТК-мен жұмыс тауарларды тіркеуден басталады, мұнда жүйе пайдаланушылары тауар карточкасын толтырады. Осы кезеңде тауар карточкалары модерациядан өтеді:
• тауарды тіркеу;
• тауар карточкасын өңдеу;
• немесе тауар карточкаларын деактивациялау.

Сауда қызметінде әрі қарай қолдану үшін тауарға NTIN коды белгіленеді. Бұл код жеке тауар бірлігіне де, бір топ тауарға да беріледі. Осы кезеңде тауарларға негізгі/стандартты сипаттамалар бекітіледі.

«ҰТК дерекқорының жүйесі келесі жылдың ішінде тәжірибе негізінде қолданысқа беріледі. Біз оны бизнестің қатысуымен номенклатураның үлкен көлемін толтырып, пысықтағаннан кейін ғана өндірістік пайдалануға енгіземіз», – деп нақтылады вице-министр.

Ол бүгінде ҰТК-да тауарлардың болмауына қатысты әкімшілік жауапкершілік жоқ екенін атап өтті.

«Бизнес арасында чек, шот-фактура, ТІК немесе декларация рәсімдей алмай қаламыз деген алаңдаушылық бар. Ешқандай бұғаттау немесе қиындық болмайды», – деді Әсет Тұрысов.