18 наурызда Үкіметтің кезектен тыс отырысы өтеді.
ERNUR.KZ. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру барысы талқыланады, деп жазады Tengrinews.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бірқатар маңызды міндет қойды, олардың орындалу тетіктері 18 наурызда өтетін ҚР Үкіметінің кезектен тыс отырысының басты тақырыбы болады.

 
                        

 
                         
                    









 
                     
                     
                     
                     
                    
