Үкімет ең төменгі жалақыны қашан көтеретіні белгілі болды

0
126

Үкімет халықтың әл-ауқатын арттыру бағдарламасын қабылдады.


Үкімет ең төменгі жалақыны қашан көтеретіні белгілі болды

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026 – 2028 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасында айтылған, деп жазады sputnik.kz.
Премьер-министрдің онынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, бағдарламада экономиканы өсіру мен инфляцияны төмендету есебінен халықтың нақты табысын арттыруға басымдық беріліп отыр. Ол үкімет алдағы үш жылда экономика жылына орта есеппен 5 проценттен төмен емес деңгейде өсіруге мүдделі.
Негізгі шаралар:
халықтың табысын қолдау үшін жұмыспен қамту бағдарламаларын жалғастыру;
экономикалық белсенділігі төмен өңірлерге ерекше назар аудару;
атаулы әлеуметтік қолдау бағытын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулылық бағытын арттыру үшін цифрлық технологиялар қолдануды кеңейту;
2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін қарау.
"2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3%-дан төмен емес болады. Бағдарламаны іске асырудың басты нәтижесі халықтың нақты табысының өсуі болуы тиіс", - деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрлер кабинет бірлескен бағдарламаны қабылдады. Оған үкімет, ұлттық банк, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жауапты болады.