​"Үй маңынан түрлі дыбыс шығатын": Атыраудағы атышулы қылмыс туралы тың ақпарат айтылды

0
139

Мұны сотта марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы сөз етті.


​

Фото: azh.kz

ERNUR.KZ. Оның сөзінше, көршілері ерлі-зайыптылар өлі табылған үй маңынан әртүрлі дыбыс шығатынын айтып, үрейленген, деп жазады inbusiness.kz.
Әдемі Шілмағамбетова бұл сөзін қанды қылмыс болған аумаққа қатысты айтып отыр.
– Айналадағылар үй маңынан түрлі дыбыс шығады деп қорқатын, – деді ол сотта.
Сот процесінде тараптар оқиғаның мән-жайын анықтауға қатысты түрлі деректі айтты. Куәгерлер мен жәбірленуші тараптың өкілдері өздеріне белгілі мәліметтерді айтып жатыр.
Жаза кеткен жөн, аталған іс қоғамда үлкен резонанс тудырды әрі шым-шытырық оқиғасымен кеңінен тарады.
Бұған дейін Сұлтан Сәрсемәлиев Меккеге барып, күнәсі үшін кешірім сұрағанын айтқан еді.