Торт үшін келіспей қалған блогер мен кондитердің дауына нүкте қойылды

0
93

Сот блогерді осы әлеуметтік желілерде таратылған мәліметтерді теріске шығарып, жарияланым орналастыруға міндеттеді.


Торт үшін келіспей қалған блогер мен кондитердің дауына нүкте қойылды

фото: CC0

ERNUR.KZ. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты блогер мен кондитердің дауына нүкте қойды, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі, деп жазады sputnik.kz.

Әлеуметтік желіде дауға айналып, біраз БАҚ-та сөз болған кондитер Нұршат Ақбергенова мен Аселина Батырға қатысты әкімшілік іске нүкте қойылды.

Блогерге торт дайындауға келісім беріп, артынан опық жедім деген кондитер ақыры сотқа жүгінеді. Кондитердің айтуынша, Аселина Батыр торттың келіскен құнын төлемей, тіпті ар-намысына тиетін сөз айтқан.
"Өнімнің түпкілікті құны тараптар арасында алдын ала келісілмеген. Талап қоюшы тапсырысты қабылдау кезінде тапсырыс берушіні өнімнің бағасы туралы хабардар етпеген және ингредиенттерге жұмсалған шығындарды растайтын дәлелдемелер ұсынбаған", - дейді сот.
Торт кондитер істейтін мейрамхананың өнімдерінен дайындалған және пайдаланылған материалдардың құнын растайтын құжаттар сотқа ұсынылмаған.
"Жауапкер торттың құнын 300 000 теңге мөлшерінде екенін мойындағанын, 100 000 теңге алдын ала төлем жасалғанын ескере отырып, сот жауапкерден талап қоюшының пайдасына 200 000 теңге өндіруге шешім қабылдады", - дейді ведомстводағылар.
Блогердің әлеуметтік желіде кондитер туралы "алаяқ", "ақша бопсалайды" деген сөздер жазғаны рас боп шықты.
Сот блогерді осы әлеуметтік желілерде таратылған мәліметтерді теріске шығарып, жарияланым орналастыруға міндеттеді. Сондай-ақ кондитердің моральдық зиянды өтеу туралы талабы ішінара қанағаттандырылып, оның пайдасына 100 000 теңге мөлшерінде өтемақы өндірілетін болды.