Төреғали Төрәлі дәрігерлердің қызына қойған диагнозын атады

0
65

Төреғали Төрәлі қызына арнап ән де шығарыпты.


Төреғали Төрәлі дәрігерлердің қызына қойған диагнозын атады

ERNUR.KZ. Танымал әнші Төреғали Төрәлі қызының диагнозы туралы алғаш рет естігінде қандай күйде болғанын айтты, деп жазады Zakon.kz.




Әнші Баян Алагөзованың жобасында жүргізуші болған кезін еске алды. Ол мұны 2015 немесе 2016 жыл деп шамалайды.

"Қазақ аруы" деген жобаға жүргізуші болатын болдым. Астанада өтіп жатты. Соны Ерке екеуміз жүргізетін боламыз. Екеуміз сахнаның екі жағында дайындалып тұрмыз. Сол кезде телефоныма хабарлама келіп түседі. Ол кезде Кәусардың аты Томирис-тұғын. Азан шақырып қойған аты. "Томидың диагнозын қойды. ДЦП" деп жазып жіберіпті. Төбемнен біреу мұздай су құйып жібергендей болды. Жаман болдым. Ол кездегі әсерді сөзбен айтып, жеткізу мүмкін емес. Хатты оқыдым, ары қарайғысы есімде жоқ. Қалай сахнаға шықтым, оны қалай жүргіздім, білмеймін... Сол сәттен бастап маған атақ деген қызық болмай қалды. Мен ойлағанбай болмады ол. Мен ойлағандай болса, өмірім басқаша болар еді. Сөйтсем Алланың өз жоспары бар екен. Уақыт өте келе, қазір осы жағдайды мен Алланың сынағы емес, Алланың маған жіберген нығметі деп қабылдаймын. Қазір ол біздің үйіміздің гүлі. Алланың маған сыйлаған бақыты, байлығы - барлығы осы қызым үшін беріліп жатыр деп ойлаймын", - дейді әнші.

Төреғали Төрәлі қызына арнап ән де шығарыпты. Ән де "Кәусар" деп аталады.