"Қоғам үнемі өзгеріс үстінде, уақытпен бірге жаңғырып отырады"
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Толқын Забирова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын 15 наурыз күні өтетін референдумда дауыс беруге шақырды.
"Мәдениет – елдің рухын көтеріп, жұртты бір мақсатқа ұйыстыратын қуатты күш.
Қоғам үнемі өзгеріс үстінде, уақытпен бірге жаңғырып отырады.
Жаңа Конституция жобасы – мемлекетіміздің ертеңіне бағытталған жауапты әрі маңызды бастама деп білемін.
15 наурыз күні өтетін дауыс беруге белсенді қатысып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын", - деп жазды Толқын Қалиқызы.


