Тоқаев Сингапур президентін құттықтады

0
91

Мемлекет басшысы Сингапур президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.


Тоқаев Сингапур президентін құттықтады

© Sputnik / Марина Лысцева

ERNUR.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев президент Тарман Шанмугаратнамды Сингапур Республикасы тәуелсіздігінің 60 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп жазады sputnik.kz.
"Бүгінде еліңіз тұрақты өсіп-өркендеудің, тиімді басқарудың және инновациялық жаңғырудың озық үлгісін көрсетіп отыр. Осы орайда, Сіздің биік мақсаттарға жетелейтін бірегей бастамаларыңыздың табысты жүзеге асуына тілектеспін", - делінген жеделхатта.
Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі. Екі ел арасындағы ықпалдастықтың тұғыры берік, мүмкіндігі мол екенін айрықша атап өтуге болады, деп атап өтті Тоқаев.