Тоқаев қазан айында Әзербайжанға барады

0
74

Бұл туралы Ильхам Әлиевтің Түркі мемлекеттері ұйымының қауіпсіздік басшыларын қабылдау шарасында айтылды.


Тоқаев қазан айында Әзербайжанға барады

© Photo : Акорда

ERNUR.KZ. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Қубанычбек Өмүралиевті қабылдады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі, деп жазады sputnik.kz.
Сонымен қатар шараға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары қатысты. Қазақстан атынан Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева өкілдік етті.
Іс-шара барысында Әлиев Тоқаевтың Бакуге сапары туралы хабарлады. Оның айтуынша, сапар 2026 жылдың қазан айына жоспарланған.
"Жақында Бішкекте Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездестік және келесі айда оны Әзербайжанда қарсы алуды асыға күтеміз", – деді Әлиев.

Ол сондай-ақ Әзербайжан мен Қазақстанның бірлескен жобасы – Транскаспийлік талшықты-оптикалық кабель желісінің іске қосылуға толықтай дерлік дайын екенін атап өтті.
"Бұл жоба біздің елдеріміз үшін де, сондай-ақ кеңірек аймақ, оның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымы үшін де зор маңызға ие", – деп баса айтты Әлиев.