Тоқаев Черногория президенті Яков Милатовичке құттықтау жеделхатын жолдады

0
103

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Черногория арасындағы достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.


Тоқаев Черногория президенті Яков Милатовичке құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория президенті Яков Милатовичке құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күніне орай президент Яков Милатовичті құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Черногория арасындағы достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.

«Жеделхатта Черногория көшбасшысының жуырда Астанаға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезеңге жол ашқаны және кең ауқымды салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік бергені атап өтілген. Қасым-Жомарт Тоқаев Яков Милатовичтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Черногория халқына құт-береке тіледі», – делінген Ақорданың хабарламасында.